BasNewsЖаңалықтар

ТЖМ алматылықтарды үрейленбеуге шақырды

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық жағдай туралы жедел ақпарат жариялады, – деп хабарлайды basnews.kz.

Соңғы тәулікте, 30 қаңтарда сейсмикалық станциялар желісі Қытайда алты жер сілкінісін тіркеді. Соның біреуі сағат 04:27-де Қазақстанда сезілді – 2 балл. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

«Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды ұсынады», – делінген хабарламада.

Back to top button