BasNewsЖаңалықтар

Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды

«Amanat» фракциясы ҚР Премьер-Министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды basnews.kz.

Олжас Бектенов 2023 жылдың сәуірінде Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтың кандидатурасын ұсынды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партия фракцияларының жетекшілерімен талқылайды.

Back to top button