Түркістанда жалдамалы пәтерде екі кішкентай баланың мәйіті табылды
Полиция қызметкерлері балалардың анасы – Қызылорда облысының тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды basnews.kz.
Түркістанда екі баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов хабарлады.
«7 ақпанда Түркістан қаласында жалға алынған пәтерлердің бірінен екі кішкентай баланың мәйіті табылды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтау үшін балалардың мәйіттері сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша, балалардың қайтыс болғаны және олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған Қызылорда облысының тұрғынының тұрған жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деді Мұрат Қабденов.
Полиция департаментінің басшысы бұл іс жеке бақылауында екенін мәлімдеді.
Полицейлер тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрап, жалған ақпарат таратқандар үшін жаза қолданылатынын ескертеді.