BasNewsЖаңалықтар
Астанада бір тәулікте 250-ден аса жол апаты болған
Бір тәулікте елорда жолдарында жол-көлік оқиғаларының рекорд саны тіркелді. Оларға негізінен қаладағы ауа райы жағдайы себеп болған, – деп хабарлайды basnews.kz.
Астана Полиция департаменті қолайсыз ауа райында жолға шықпауға шақырды.
«Құрметті азаматтар, ауа райының нашарлауына байланысты (республика аумағында бұрқасын, қатты жел, боран, жаңбыр жауып, жолдың көрінбеуі) бірқатар облыста көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді.
Сонымен қатар, ауа райы жағдайына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызметтер жергілікті табиғи жағдайға байланысты күшейтілген нұсқаға көшті. 8 ақпанда бір тәулік ішінде 250-ден аса жол көлік апаты тіркелді», – делінген хабарламада.