Қазақстанда ең жоғары жалақы төленетін жұмыс орындары аталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның еңбек нарығындағы қазіргі жағдайға талдау жасады, – деп хабарлайды basnews.kz.
Қаңтарда электрон еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме орналастырды. Блытырғы желтоқсанымен салыстырғанда бос жұмыс орындары саны 22,3 мыңға (-19 пайыз) төмендеді, ал түйіндеме саны 132 мыңға (+223 пайыз) өсті.
«Осылайша, қаңтарда жұмыс берушілер тарапынан сұраныс еңбек биржасында өтініш берушілер ұсынысынан екі есе көп болды, бұл жыл басындағы жұмысқа қабылдау үдерістерінің белсенділігі төмендегенін білдіреді», – деп түсіндірді Еңбек министрлігі.
Өңірлер бойынша, қаңтарда түйіндемелер санының өсуі барлық өңірде байқалған, ең аз өсім Астанада (+3,2 мың түйіндеме немесе желтоқсанмен салыстырғанда 56 пайызға өсім) тіркелді. Еңбек нарығындағы ұсыныстың ұлғаюының ең жоғары көрсеткіштерін оңтүстік өңірлердегі жұмыс күшінің профициті көрсетті: Қызылорда облысы (+17,2 мың түйіндеме немесе 531 пайыз), Шымкент (+9,7 мың түйіндеме немесе 401 пайыз) және Түркістан облысы (+27 мың түйіндеме немесе 358 пайыз).
«Ең көп жалақыны өз түйіндемесінде «үлкен деректер маманы» (орта есеппен 1,3 миллион теңгеден жоғары), «бизнес-процестерді оңтайландыру бөлімінің басшысы» (1,2 миллион теңгеден жоғары), сондай-ақ «өндірістік операциялар жөніндегі инженер» (1,2 миллион теңгеден жоғары) көрсеткен.
Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны өндірістік база басшыларына (900 мың теңгеден), инженер-конструкторларға (800 мың теңгеден) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден) ұсынған», – деді Еңбек министрлігі.