BasNewsЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні облыстық жолды басып қалды

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында, облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын ауылы-Самар» автожолының 132-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты өздігінен түскен, деп хабарлайды basnews.kz.

«Қазселденқорғау» мәліметінше, 11 ақпанда сағат 11:30 шамасында жалпы көлемі 1300 текше метр қар көшкіні өздігінен түскен.

Зардап шеккендер жоқ, ештеңе қирамаған.

«Облшығысжол» ЖШС-нан 2 адам және 2 техникамен жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған орында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Посттар қойылды.

Back to top button