BasNewsЖаңалықтар

Астанада алқабилер адвокатты кінәлі деп тапты: оған 11 жыл берілді

Астанада адвокат азаматтардың мүддесін қорғау барысында пайда табу мақсатымен бірнеше рет алаяқтық жасап, аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы 164,9 миллион теңгені иемденген, – деп хабарлайды basnews.kz.

Сотталушы аударылған қаржыны өз жұмысы үшін ақы ретінде алғанын дәлелдеп, бұған алқабилерді сендіруге тырысқан. Алайда мемлекеттік айыптаушы оның осы қылмыстарды жасағанын дәлелдеді.

«Алқабилер сотының үкіміне сәйкес сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасағаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп жазылған Астана қаласының прокуратурасы мәліметінде.

Пара заңсыз алынған мүлік ретінде мемлекет кірісіне өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Back to top button