BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбелік мектеп есепшісінің соты ашық түрде өтті

Ақтөбе қаласының №55 мектеп гимназиясының бас бухгалтері сотталды. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сот процесін ашық режимде жүргізді, деп хабарлайды basnews.kz.

Антикордың 2024 жылғы 23 ақпандағы ақпаратында Ақтөбе облысындағыс от процесіне онлайн режимде білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, оның ішінде Ақтөбе облысының 403 қалалық және аудандық мектептің директорлары, бухгалтерлері, педагогикалық құрамы қосылды.

Ақтөбе қалалық мектебінің бас бухгалтері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Ол 8 жыл бойы өзінің банктік шотына жалақы ретінде заңсыз аударымдар жасаған, нәтижесінде мемлекетке 413,8 млн теңге сомасында залал келтірілді.

Тек бір жылдың ішінде ол өзіне 200 млн теңгеден астам қаражат аударған, бұл бүкіл мектептің жылдық еңбекақы қорының 30% -ын құрайды.

Сот үкімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ 10 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Back to top button