BasNewsЖаңалықтар

Астана әуежайынан адамдар эвакуацияланды

Астана әуежайынан адамдар эвакуацияланып жатыр, – деп хабарлайды basnews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 112 пультіне Астана халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқанында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Сыртқы белгілер бойынша, №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяд түтіндеп, эвакуациялау жұмыстары жүргізіліпе жатыр», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сағат 08:24-те өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, №2 терминалдың серверлік бөлмесінде 10-15 шаршы метрде электр кабельдері жанған.

Back to top button