BasNewsЖаңалықтар
Қатты жер сілкінісі салдарынан алматылық студенттер сабақтан босатылды
Алматының жоғары оқу орындары қатты жер сілкінісінен кейін сабақты тоқтатты, деп хабарлайды basnews.kz.
Барлық студенттер дер кезінде эвакуацияланғанын, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін айтты.
«Ғылым және жоғары білім министрінің тапсырмасымен Алматыдағы жоғары оқу орындарында барлық сабақтар тоқтатылды.Сондай-ақ ректорларға университет жатақханаларында кезекшілік ұйымдастырып, студенттерді барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету тапсырылды,- бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
4 наурызда Алматыда тағы да күшті жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары сағат 11:22-де магнитудасы 5 болатын күшті жерасты дүмпулерін сезінді.