BasNewsЖаңалықтар
Bek Air әуекомпаниясының сертификаты қайтарылды

Қазақстанның авиация әкімшілігі Bek Air АҚ әуе кемесінің сертификатын кері қайтарды, – деп хабарлайды Basnews.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«Bek Air АҚ өкілдерінің ақауларды жоймағанына байланысты «Қазақстанның Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметін жүзеге асыру туралы» заңның 12-бөлігінің 5-тармағы бойынша, 16-9-бабының 2-бөлігінің 10-тармағы бойынша Bek Air-тан сертификат кері қайтарылды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, былтыр 27 желтоқсанда Алматыда Bek Air ұшағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған болатын. Бортта 98 адам болған еді. Әуе апатынан 12 адам қаза тапты.



