BasNewsЖаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Ғинияттың жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2024 жылғы 18 наурызда Мәжілістің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Ажар Ғинияттың Балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры қызметіне тағайындалуы туралы айтты, деп хабарлайды basnews.kz.

Ақмарал Әлназарова бұл қызметке Ажар Ғинияттың келгенін хабарлады. Оның айтуынша, ол медициналық білімі бойынша қызметін жалғастырғысы келген.

«Ол дәрігер-педиатр, ал бұл орталық, жалпы, кадрлық ауыс-түйістердің болуына байланысты бұрын таңдалған, бұл республикалық оңалту орталығы. Ажар Ғиниятқызының халықаралық ұйымдармен жұмыс істеудегі әлеуеті, жалпы, Денсаулық сақтау министрлігінде атқарған жылдар ішінде жинаған саяси салмағы орталықтың жұмысына тек оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», – деді. деді денсаулық сақтау министрі.

Министрдің айтуынша, бұл бос орын болған және Ажар Ғиниятты әдейілеп ешкім жұмыстан шығармаған.

Back to top button