BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында 3 жасар қыз 10 күннен бері іздестіріліп жатыр

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр, – деп хабарлайды basnews.kz.

Бала 17 наурызда үйден шығып кетіп, оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.

«Арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.

Back to top button