BasNewsЖаңалықтар

Мәскеуде «Крокус Сити Холлдағы» теракт құрбандарының саны 139-ға жетті

«Крокус Сити Холлдағы» теракт салдарынан қаза тапқандар саны 139-ға жетті. Бұл туралы 25 наурызда Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин президент Владимир Путинге теракт төңірегіндегі жағдай туралы баяндау кезінде айтты, – деп хабарлайды basnews.kz тілшісі «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Қаза болғандардың 75-інің жеке басы анықталған, 40 адам оқтан, 45 адам өрттен, екеуі емдеу мекемелерінде қаза болған.

Бастрыкиннің айтуынша, тергеу ойын-сауық орталығында болған оқиғалардың толық хронологиясын анықтап қойған.

«Төрт адамға айып тағылды. Жауап алу кезінде және сотта олардың барлығы кінәсін мойындап, тапсырыс берушілер мен оларға көмектескен тұлғалар туралы егжей-тегжейлі айғақ берді. Тергеу барысында қылмыскерлерге көлік, пәтер және ақша берген тағы үш адам ұсталды», – деді тергеу комитетінің басшысы.

Back to top button