BasNewsЖаңалықтар
Ыстамбұлда екі қазақстандық ұсталды
ҰҚК Түркиядан қазақстандықтардың ұсталып, Алматыға жеткізілгені туралы хабарлады, – деп хабарлайды basnews.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген Қазақстанның екі азаматын ұстады және 2024 жылғы 3 сәуірде Ыстамбұлдан Алматыға этаппен жіберілді.
«Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен Тергеу изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.