BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысының имамдары экологиялық акциямен айналысып жатыр

Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақтан» экологиялық акциясы қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл бастаманы Сауран ауданының имамдары да қолдап, имандылықтың ордасы саналатын мешіттердің ауласын ретке келтіруге кірісті.
Сенбі күні аудан бойынша барлық мешітте де тазалық жұмыстары өткізіледі. Ауданның бас имамы Бауыржан Илясұлы белсенді азаматтарды сенбілікке бір кісідей ұйымшылдық танытып, қатысайық деді.
Аудан бойынша «Таза өлке» апталығында орталық мешіт пен «Сунақ ата» мешітінің имамдары аулаларын ретке келтіріп, тазалықты қолға алды.
Имамдар «Жер бетінде адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, ал табиғаттың оны айтатынын тілі жоқ» екенін ескере отырып, азаматтарға көше бойларына ауыл аймақтарына ағаш егіп, көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды.
Back to top button