BasNewsЖаңалықтар

Қаратау уран кенішін жаңғырту кезінде 862 миллион теңге жымқырылған

Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 миллион теңге жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, – деп хабарлайды basnews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС бұрынғы басшылығына («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы), «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады.

«Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 миллион теңгені жымқырды деп күдіктеліп отыр.

Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және «Қаратау» ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық нәтижесінде жасалған», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

«Iri building» ЖШС-нің нақты иесі іздеуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Back to top button