Жылына 200 млн дана жұмыртқа шығаратын зауыттың құрылысы басталады
Түркістан облысында жылына 200 млн дана жұмыртқа және құрама жем шығаратын зауыттар салынбақ. Бұл мақсатта қазір Бәйдібек ауданында 100 гектар жер учаскесі қарастырылып, құжаттары рәсімделуде.
“ERNUR” ЖШС-нің жеке инвестициясына жүзеге асқалы отырған зауыттың құрылысы биыл басталады. Ал жобаның жалпы инвестициялық құны 8 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі таңда құны 1,5 млрд. теңге болатын мал азығын шығаруға қажетті құрал-жабдықтар Түркиядан әкелінді. Аталған жабдықтардың көмегімен сағатына 20 мың кг жем өндіруге болады. Жұмыртқа сапасына қойылатын талаптар. Жұмыртқа сапасын оның қатты қабатына байланысты, массасын өлшеу арқылы, ауалы камераның биіктігіне, белок пен сары уыз жағдайына қарай анықтайды. Емдәмдік жұмыртқалардың белогы тығыз, ашық, мөлдір, сары уызы әлсіз байқалатын, қозғалмай ортада орныққан, ауалы камера да қозғалмайтын және оның биіктігі 4 мм ден аспайтын болу керек. Асханалық жұмыртқалардың белогы тығыз немесе тығыздау, ашық, мөлдір, сары уызы әлсіз байқалатын, шала қозғалатын, ортадан шамалы ауытқитын болу мүмкін. Тоңазытқышта сақталған жұмыртқалардың сары уызы қозғалмалы, ауалы камерасы қозғалмайтын шамалы қозғалуы мүмкін және оның биіктігі 7 мм ден аспайтын болу керек. Сауда орындарына түсетін жұмыртқаның қатты қабаты таза, бүлінген болу қажет. Жұмыртқаларда бөтен иіс, пестицидтер мен радионуклидтері болмау қажет.
Тағамдық жұмыртқаның сапасын әртүрлі белгілері мен көрсеткіштері арқылы анықтайды, ол жастығы, тауарлық түрі, сақтауға жарамдылығы.
Тағамдық жұмыртқаның пайдалануға өткізудегі сапа көрсеткіші, массасы, тазалығы, қауызының бұзымағандығы, ауа камерасын жағдайы мен биіктігі, жұмыртқаның ішкі фракцияларының консистенциясы, сары уыздың оряы мен жылжымалығы.
Жұмыртқаның қосымша сапа көрсеткіштері жұмыртқа ендіру және құс селекциясында пайдаланады.
құс фермасы 600 мың басқа лайықталған. Онда жылына 200 млн дана жұмыртқа шығарылып, бірінші кезекте ішкі нарықты қамтымақ.
Жалпы жоба толық қуатымен жүзеге асып, зауыттар іске қосылса 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.