BasNewsЖаңалықтар

Жетісайлық қызметкерлер тыл ардагерлерінің ауласын тазартты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері бүгін көмекке мұқтаж жалғызілікті қарттар мен тыл ардагерлерінің ауласын тазартып, азаматтық іс жасады. Аулаларын шөптерден тазартып, күл-қоқыстарын шығарысты. Қора-қопсыларын тазаласты.

Сондай жалғызбасты қарттардың бірі Жетісай қаласының тұрғыны, 1947 жылы туылған Альвина Хабибуллина. Жастайынан еңбекке ерте араласып, саналы ғұмырын елдің, туған жердің түлеуіне арнаған Альвина Нұрғазқызы түрлі салаларда жемісті еңбек еткен.

–Заманында ел ертеңінің жарқын болуына аянбай еңбек етіп, өзіндік үлес қосқан қазыналы қарттарымызға қандай көмек көрсетсек те жарасады. Бұл тұрғыда үлгі боларлық бастама көтерген Мемлекет басшысының, облыс, аудан басшыларының ісі құптарлық. Біз мұндай игілікті істерді тек акциялар аясында ғана емес, жыл бойы жалғастыратын боламыз, – дейді Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязов.

Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып табиғатты аялауды қажет ететін ортақ байлығымыз саналатын табиғатымыздың таза болуы, оның әдемі көрініске енуі әрбіріміздің босағамыздан, үйіміз бен көшемізден, ізгі амалдарымыздан бастау алады.

Back to top button