BasNewsЖаңалықтар

Түркістанда ХҚКО қызметкерлері ҰОС ардагерінің үйінің ауласында сенбілік өткізді

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Немет Абдрасиловтың үйінің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Жеңіс күні және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында өтті.

Түркістанда дүниеге келген Немет Абдрасилов 23 жасында майданға кетіп, Берлинге дейін жеткен. Зеңбірекші және Рейхстаг шабуылына қатысушы. Ардагер Отан соғысы орденінің, I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Қызыл Жұлдыз» орденінің және жиырмадан астам медаль иегері.

«Біз ардагерлерімізді еске алып, мақтан тұтамыз, бұл көмек олардың жанқиярлығы үшін терең алғысымыздың аз ғана бөлігі», – деді Түркістан облысындағы мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасары Нұрзат Бураев.

Сенбілікке қатысушылар тазалық жұмыстарын жүргізіп, Немет Абдрасиловтың үйінің жанындағы гүлзарларды ретке келтірді.

Back to top button