Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 29 саябақ ретке келтірілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы Түлкібас ауданында қарқынды өтуде. Жалпы акция аясында аудан аумағындағы 29 саябақ пен аллеялар аумағы тазартылып, толық реттеліп, көгалдандыру жұмыстары іске асты.
Дәл сондай аудан орталығындағы «Ардагерлер» саябағының аумағын тазартып, ретке келтіру жұмыстарына Түлкібас ауданының Германиядағы кеңес әскерлері және Варшава келісімшарт тобының филиал төрағасы Асанбек Дүйсебаев бастаған ардагерлер үлес қосты.
Зейнет жасындағы ағалар 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында демалыс орнының аумағын күл-қоқыстан тазартып, шөптерін шауып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Өз қаржылары есебінен саябақ атауы жазылған арка орнатуға мұрындық болды.
Бұдан бөлек, науқан аясында аймақта 67 көпқабатты үй ауласы, 19 балалар және спорт алаңшасы реттеліп, ол жердегі орындықтар мен қоршаулар сырланды. 441 көше бойлары, 115 шақырым аяқжол, 152 шақырымнан астам көпір мен өзендер арнасы, 31 шақырымнан астам иригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды. Елді мекендерді көгалдандыру мақсатында 29 мыңнан астам сәнді және тағы да басқа ағаш түрлері мен 12 мыңнан астам гүл көшеті отырғызылды. 100-ден астам бұлақ көздері ашылып, аумағы тазартылды. Жалпы сенбілікке 14 мыңнан астам түрлі мекеме қызметкерлері мен еріктілер ат салысты.