BasNewsЖаңалықтар
Еліміздің Шығысында «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі
![](https://basnews.kz/wp-content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-25-at-11.18.13-780x470.jpeg)
3-4 маусымда Шығыс Қазақстан облысында «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.
«Жер-2024» өткізу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетілетін болады.