BasNewsЖаңалықтар

Қазпоштаның бөлім басшысы клиенттердің қаражатын заңсыз иеленгені үшін 7 жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысында Қазпошта бөлімінің басшысы клиенттердің қаражатын заңсыз иеленіп отырғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қазпоштаның клиенттеріне тиесілі ақша қаражатын заңсыз иелену факті бойынша қылмыстық істі тергеумен айналысты.

Қазтал ауданының «Қазпошта» АҚ Жалпақтал пошта байланысы бөлімінің басшысы қызметтік бабын пайдалана отырып, жалпы сомасы 37 млн. теңге ақша қаражатын заңсыз иеленіп алған. «Colvir» бағдарламалық жасақтамасының қолданып, ол бірқатар заңды және жеке тұлғалардың ақшасын өзінің жеке карталық шотына аударған. Сондай-ақ поштамен жіберуге арналған заттар үшін төлемдерді де иеленіп, «Colvir» бағдарламалық жасақтамасының ақауларын сылтауратып клиенттерге сәйкес түбіртекті ұсынбаған.

Қазтал ауданының №2 сотының үкімімен бөлім басшысы ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. сәйкес кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымдарға ие болу құқығынан өмір бойына шектей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Back to top button