Келеске биыл 45,7 млрд. теңге инвестиция тартылады
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдерінің жұмысы инвестиция тартумен, халықты жұмыс орнымен қамтумен бағаланатынын, оларға қолдау жасау арқылы елді жұмыспен қамтуды тапсырған болатын. Осы орайда Биыл Келес ауданында жалпы құны 45,7 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаны іске асыру, яғни 1 150 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
Бүгінде аудан басшысы Жәнібек Ағыбаевтың нақты тапсырмасы негізінде инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасалуда. Атап айтқанда кәсіпорындарын инфрақұрылым жүйелерімен қамту, жер, су мәслелерін шешу бағында нақты шаралар қолға алынған.
Биыл іске асатын жобаларға тоқталсақ, «ЭКО-культура» ЖШС-нің Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 500 гектар аумақта орналасатын өнеркәсіптік жылыжай кешенінің бірінші кезеңінде құны 42,0 млрд. теңгені құрайтын 51 гектар жылыжай құрылысын ағымдағы жылы бастады.
Нәтижесінде 700-ден астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, «Нұрболат» өндірістік кооперативі құны 3,0 млрд.теңгені құрайтын «Азия Мед» медициналық орталығы Абай, Ошақты, Біртілек және Ұшқын ауылдық округтерінде ғимарат құрылысын жүргізуде. Жоба толық іске асқан соң 400 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Ал, жеке кәсіпкер «Ағайындылар» Абай ауылы аумағынан жалпы құны 400,0 млн. теңгені құрайтын 4 қабаттан тұратын қонақ үйдің бастапқы құрылыс жұмыстары бастаса, «Giga Group» ЖШС-і жалпы құны 350,0 млн.теңгені құрайтын асфальтбетон зауытын орналастыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда құрал-жабдықтары сатып алынып, жер учаскесін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.