BasNewsЖаңалықтар

Түркістан: Арыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында демалушыларға қолайлы орта қалыптасуда

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда.

Акция аясында қала көшелерінің бойында орналасқан светодиодты түнгі жарықшамдарға жаппай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, істен шыққан лампалар жаңасына ауыстырылып жатыр. Негізгі орталық көшелерде тиісті жұмыстар жүргізіліп біткен соң, ішкі көшелердің бәрінде істен шыққан түнгі жарықшам бағаналары қалпына келтірілетін болады.

Бүгін Арбат демалыс аумағында орындықтарды сырлау, бұзылғандарын ретке келтіру, ағаштарды суарып, арамшөптерін шабу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар брусчаткалар ретке келтіріліп, ойын балалары үшін барынша жағдайлар жасалынуда.

Ал «Теміржолшылар» саябағында маусым айында түнгі жарықшамдар іске қосылып, балалар үшін таптырмас ойын сауық орталығына айналды. Бұдан бөлек, саябақ аумағынан қоқыстар жиналып, полигонға шығарылуда.

Абаттандыру, тазалау шаралары Дендросаябақ, С.Адабеков саябақтарында да жалғасуда. Аталған жұмыстарды «Qazaq Real Stroy» ЖШС атқаруда.

Ал И.Ақымбеков көшесі бойындағы аллеяда автоматты суару жүйелері іске қосылып, газондарды суару жұмыстары. сонымен қатар тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылды. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болды.

«Таза өлке» деп аталған бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалады.

«Киелі мекен» акциясы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналды.

«Жасыл аймақ» аталған үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді.

«Өнегелі ұрпақ» атты жеті күндікте ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру қолға алынды.

«Мөлдір бұлақ» атты  акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылды.

Back to top button