BasNewsЖаңалықтар

Биыл ШҚО-ға Түркістан облысынан 372 адам көшіп келеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл оңтүстіктен солтүстікке көшушілер үшін 7050 квота бөліп отыр. Сондай-ақ қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облыс белгіленді.

Бөлінген квота негізінде биылғы төрт айда Түркістан облысынан 372 адамы бар 107 отбасы солтүстік облыстарға қоныс аударды. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысына 9, Қостанай облысына 3, Павлодар облысына 49, Солтүстік Қазақстан облысына 40, Қарағанды облысына 1, Абай облысына 4, Ұлытау облысына 1 отбасы көшкен.

– Биыл министрліктен 7050 квота бөлініп отыр. Ол бойынша қоныс аударушылар 7 облысқа бара алады. Яғни, Солтүстік Қазақстан облысы 2702, Павлодар облысы 2603, Қостанай облысы 950, Шығыс Қазақстан облысы 372, Абай облысы 255, Ұлытау облысы 132, Қарағанды облысы 36 адам қабылдайды, – деп хабарлайды Түркістан облысы еңбек мобильділігі орталығының баспасөз қызметі.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыруға жеке азаматтар да үлес қосып келеді. «Ұлы көш» қозғалысының басшысы Жаңабай Ағабековтің қолдауымен Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына арнайы делегация сапарға шықты. Мақсат – екі облысқа қоныс аударуға ниетті азаматтарды өңірлердің тыныс-тіршілігімен таныстыру. Іс-шара барысында көшуге ниетті 30-дан астам түркістандық Шығыс Қазақстандағы қоныс аударатын жерлерді көреді.

Back to top button