BasNewsЖаңалықтар

Кентауда үш тұрғын үйдің құрылысы жүруде

Өткен жылы Кентау қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда, 3 қабатты қалау жұмыстары және 1,2 қабаттың электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

Аталған тұрғын үйдің құрылыс жұмыс барысын қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов бақылады. Жауапты мекемеге құрылысты уақытылы жүргізіп, сапасына мән беру керектігін тапсырды.

Сонымен қатар Кентау қаласы Ш.Уәлиханов көшесінде инвестор «Сами Строим» ЖШС күшімен 3 қабатты 30 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 1 қабатының қабырғасын қалау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, қала бойынша бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй кезегінде жалпы – 4856 азамат тіркелген. 2018-2024 жылдар аралығында 1057 кезекте тұрған азаматтарға мемлекет тарапынан пәтер берілді.

Back to top button