BasNewsЖаңалықтар

Qaton-Qaragai trail running Races – 2024 Жаздың жарқын күндегі желаяқтар жеңісі

2024 жылдың 27 шілде күні  Берел ауылының маңында жүгіруден жарыс өтті. Оған Астана, Алматы, Қостанай, Семей, Петропавл, Өскемен, Риддер, Алтай қалалары мен Көкпекті, Қалбатау және Катонқарағай аудандарынан 76 желаяқ қатысты.

Бұрын болмаған, болашақта жыл сайын өткізіліп дәстүрлі болуға лайық бұл жарыс бұқаралық спорт пен туризмді дамытуға үлес қосып, Катонқарағай ауданының танымал спорттық брендіне айналатын жаңа шара деуге болады.

Жарыс «Altyn Berel» 3 км., «Berel Legend» 5 км. және «Qut meken» 26 км.    өтті. Ерлер арасында 26 км. абсолют жеңімпаздары: Әкім Еркебай, Қожанов Әскер, Дәулетбаев Бауыржан. Әйелдер арасында 26 км. абсолют жеңімпаздары: Ұланова Индира, Вязигина Надежда, Сайлаубекова Динара.

Берелден Шұбарағашқа барып қайту 26 км. жолды ерлер арасында чемпион Әкім Ермекбай 1 сағат 52 минутта жүгіріп өтті. Ал әйелдер арасында чемпион Индира Ұланованың уақыты 2 сағат 57 минут.

Қомақты жүлде қоры мен сыйлықтар бірнеше демеушілердің атынан тапсырылды. Олар KazMinerals тобы, Pet Food, El Sport және басқада мекемелер.

Жарыс жолдары Катонқарағай ауданының әсем табиғаты аясында, таза сарқырама мен биік таулар, қалың қарағай арасында өтті, бұл қатысушыларға аймақтың географиялық ерекшеліктерін, фауна мен флорасын танып білуге мүмкіндік берді. Желаяқтар мен жүзден астам қонақтар Өрел, Шұбарағаш, Тәңір суы елді мекендердің әсем көркіне және Берел мұражай жәдігерлеріне  тәнті болды.

Жарысты ұйымдастырушы «El Sport» бірлестігі Катонқарағай ауданының әкімі міндетін атқарушы Расул Мырзабекұлына, аудан әкімінің орынбасары Серік Мырзағалиұлына қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.

Қалың әуесқой желаяқтар қауымы ауылдық округ әкімдері Әлібек Толықбайұлы, Еркін Әмейұлы және Серікхан Әлпешұлына спортшыларға жасалған сый-құрметтеріне өте разы болды.

Жарысты тамашалаған спорт жанкүйерлері Республикалық шараның басы қасында болған аудан әкімдігінің ішкі саясат, өнер, спорт бөлімінің басшысы Гүлнар Мақұлбекқызы мен әріптестеріне зор табыстар тілейді.

Келесі жылы бұл жарыс 5-6 шілде күндері өткізу туралы шешім қабылданды.

Сіздерді «Qaton-Qaragai Trail– 2025» күтеді!

Back to top button