BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында екі жүк көлігі соқтығысты
Алматы облысында екі жүк көлігі соқтығысып, екі жүргізуші де зардап шекті, – деп хабарлайды basnews.kz.
Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«1 тамыз күні сағат 17:11-де SHACMAN жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі Алматы-Талғар тасжолының 12-шақырымында келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған «ЗИЛ» көлігімен соқтығысты», – делінген хабарламада.
Дәрігерлер 1964 және 1978 жылы туған жүргізушілерді түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жатқызды.
Полиция тергеуді бастап, қылмыстық іс қозғады.