Қапшағай 100 пайызға толтырылды
10 жылда алғаш рет Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 100 пайызға толтырылып, 18 млрд текше метрден астам су жиналды, – деп хабарлайды basnews.kz.
Су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Осы көктемде су қоймасына секундына 900 текше метрге дейін су келді. Мамандар мұны Тянь-Шань мұздықтарының еруімен және жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.
«Соңғы рет Қапшағай су қоймасы 2014 жылы 100 пайызға толтырылды. Суару кезеңінің басынан бастап Шеңгелді ауылдық округінің 6 мың гектар егіс алқабына және Ақдала ауылдық округінде 28 мың гектарға су беріледі. Бүгінде аграршылардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіледі», – деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.
Қазір Қапшағай су қоймасында 16,2 миллиард текше метр су бар.