Қостанай облысында полицей 15 жылға сотталды
Қостанай облысында полицей есірткі қылмысы үшін сотталды, – деп хабарлайды basnews.kz.
Қостанай облысы ҚЖМАС-ы полицей өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтады, тасымалдады, сол сияқты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған адамға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК-нің 412-1-баптың 3-бөлігінің 1)-тармағы, 297-баптың 3-бөлігінің 2), 3), 4)-тармақтары, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы).
Қостанай қаласы Полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары тергеумен анықталмаған полиция қызметкерлерімен топпен бірлесе отырып, денсаулығына зиян келтіру және қорқыту арқылы бір азаматты кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында екінші азаматты аса ауыр қылмыс жасауға итермелеген. Бұл ПБ-ның лауазымды тұлғасы қызметтік көлікте аса ірі көлемде психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз, бірнеше рет өткізген.
Тексеру барысында оның автокөлігінен аса ірі көлемде заңсыз сақтап, тасымалдап жүрген гашиш пен меткатинон (психотроптық заттың аналогы) табылып, тәркіленді.
Сотталушы өз кінәсін мойындамаған, ал қорғаушылары оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен бейнематериалдарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.
Айыпталған баптардың санкциялары бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазаны қарастырады:
- ҚК-нің 412-1-бабының 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша – 10 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге,
- ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 2), 3), 4) тармақтары бойынша – 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге,
- ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3) тармағы бойынша – 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге.
Сотталушының асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Жазаны ауырлататын факторлар анықталмаған.
Сотталушының жеке басын, іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сондай-ақ ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің нормаларын қолдана отырып, сотталушыға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Ол «полиция капитаны» арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.