BasNewsЖаңалықтар

Ұландықтар ұлықталды

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөліміне ҚДП “Ақ жол” Батыс Қазақстан  облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағдат Ізмағанбет, Батыс Қазақстан облысы бойынша мәслихат депутаты Ержан Хасанов, келіп, Батыс Қазақстан облысында көктемнің алғашқы күндері  орын алған төтенше жағдай кезінде анттарына адалдық танытып, Батыс Қазақстан облысын тілсіз жаудың құрсауынан аман сақтауға қосқан елеулі үлестері үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, 18 әскери қызметшіге «Апатпен күрескені үшін» төс белгісі табысталды.

Өз кезегінде әскерилер келуші қонақтарға әскери қызметшілеріміздің ерен еңбегін бағалағаны үшін алғыстарын білдірді.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Back to top button