BasNewsЖаңалықтар

Ұлт ұстазының туған күніне арналған тағылымды кеш өтті

Ағымдағы жылдың 4 тамызы күні «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясы аясында Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының тіл мұрасы» атты тағылымды шара өткізілді.

Аталмыш шараға мектеп оқушылары, студенттер және өңірімізде орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің білімді сарбаздары қатысты. Шара барысында кітапхананың жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлім басшысы Бибігүл Джумагазиева қазақтың рухани көсемі туралы бейнеүзік көрсетіп, кітап көрмесін таныстырды. Шараға сарбаздар да белсене қатысып қатардағы жауынгер Мамиев Самат, Ахмет Байтұрсынұлының «Жұртыма» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Әрмен қарай өңіріміздің белгілі ақыны, кітапхана маманы Нұржан Едігенов ақын туралы ойларымен бөлісіп, оның қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ұлы тұлға екендігі жөнінде сөз қозғап, біршама маңызды ақпараттарды сарбаздарға жеткізді.

Шара соңында Ұлттық ұланның Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің офицері майор Алмагүл Жұмабекова, кітапхана ұжымына үлкен ризашылығын білдіріп, А.Байтұрсынұлының артында қалдырған мұрасы келешек ұрпақтың аманаты екенін, тілді, елді сақтау керектігін жеткізді. Өз кезегінде Ұлттық ұлан әскерінің сарбаздары да тағылымды кештен алған әсерлерімен бөлісті.

 

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Back to top button