BasNewsЖаңалықтар

Давид Дегтярев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, – деп хабарлайды basnews.kz.

«Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, XVII жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Финалда спортшы үздік нәтижемен үш талпыныс жасады, ең үздігі 188 келі (қалған екі талпыныс 185 және 186).

Айта кетейік, Дегтярев Паралимпиададағы екінші алтынын жеңіп алды. Ол 2020 жылы Токиода өткен ойындарда да жеңіске жеткен еді.

Back to top button