BasNewsЖаңалықтар

ШҚО 160 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруда

Ағымдағы жылы аймақта ауылшарушылығы мақсатында қолданылмағын 160 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда.

Жалпы жерді қайтару жұмысы 2022 жылдан басталған. Сол уақытта жер пайдаланушылары өз еркімен 100,6 мың гектар , ал 2023 жылы 125,7 мың гектар жерді қайтарды. Бұл жайлы ШҚО өңірлік комммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис баяндады.

– Мемлекет басшысының пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында ағымдағы сәтте, мемлекетке 58 мың гектардан астам жер қайтарылды, бұл жылдық жоспардың 36% құрайды. Ең көп қайтарым көлемі Күршім (14,8 мың га), Алтай (3,9 мың га) аудандарында және Өскемен қаласында (408,4 га) тіркелді,-дейді Надежда Михейлис.

Жер кодексіне сәйкес жер иелері учаскелерді мақсатты түрде пайдалануға міндетті, әйтпегенде, олар мәжбүрлеп алынуы мүмкін. Жерді пайдалану талаптарын бұзғаны үшін жер иелеріне айыппұлдар салынып, салық ставкалары 20 есеге артады.

– Басты кедергілердің бірі жер иелерін анықтау болып табылады. Көбінесе олар шетел асып кетеді немесе байланысқа шықпайды,- дейді ШҚО бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Сейсенғазы Чукаев.

Бұл шаралар елдің ауылшаруашылық ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және пайдаланылмаған жерлерді агроөнеркәсіптік кешеннің қажеттіліктері үшін айналымға қайтаруға бағытталған.

Back to top button