BasNewsЖаңалықтар
Көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы тоғызқұмалақ турнирінде тамаша өнер көрсетіп, үш алтынды жеңіп алды, спорттың осы түрінен командалық есепте бірінші болды, деп хабарлайды basnews.kz.
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды.
«Думан» қонақ үй және спорт кешенінде өткен жарыста әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы – алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі. Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов – алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлде алды.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, Көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан ірі есеппен медальдық есепте бірінші орында болды.