BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер қызды соқыға жыққан

Алматы облысында жасөспірім қыздар өздері қатарлас қызға қысым көрсетіп, одан ақша бопсалаған. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді, – деп хабарлайды basnews.kz.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапқа тартты.

«Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздар құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды. Құқықбұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді», – деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек Қарасай ауданының полиция басқармасында тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді.

Back to top button