BasNewsЖаңалықтар

Үлкен ауылының тұрғындары референдумға қатысуда жоғары белсенділік танытуда

Сағат 14:00-де Жамбыл ауданы (Алматы облысы) Үлкен ауылындағы №332 референдум учаскесінде тұрғындардың 70 пайыздан астамы дауыс берді. Ауыл тұрғындарының белсенділігі таң қалдырады: қазірдің өзінде 775 адам дауыс беріп үлгерді.

«Бүгін біз референдумның барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығын байқап отырмыз, сайлау учаскесінде бәрі әдеттегідей өтуде, ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ», – деп атап өтті Үлкендегі референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Әлия Үкібаева.

Алматы облысында барлығы 643 референдум өткізу учаскесі ашылып, жұмысы тоқтаусыз жалғасуда. Республикалық референдумды өткізуге 655 референдум комиссиясы қатысады, оның ішінде облыстық және 11 аумақтық комиссиялар бар.

Back to top button