Жаңалықтар
Ақтау қаласында ұландық жауынгер жол-көлік оқиғасының куәгері болып алғашғы болып көмекке келді.
Оқиға ағымдағы жылдың 31-қазан күні сағат 14.40 шамасында 22-шағын ауданында орын алған. Түскі астан кейін жұмыс орнына келе жатқан 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Қайрат Шрақбаев, Chevrolet Aveo көлігі жаяу жүргінші азаматшаны қағып кеткенін байқап қалады да уақыт жоғалтпай бірден көмектесуге әрекеттенеді. Сол мезетте ұландық жауынгер жедел жәрдем мен полиция бөлімшесіне хабарласып та үлгерген.
- Жағдайды көре салып жол көлік оғиғасынан зардап шеккен азаматша қызға алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Ол жедел жәрдем келемін дегенше есін жиып, өз-өзіне келді,- деп атап өтті ұландық жауынгер Қайрат Шрақбаев.
Ұлттық ұлан жауынгерінің сенімді және жылдам әрекетінің арқасында жол-көлік оқиғасына тап болған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жеткіншек жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі.