Жаңалықтар

Алматы және Ташкент облыстары туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойды

 

22 қараша күні Ташкентте өткен «Жібек жолындағы туризм» халықаралық көрмесі аясында Алматы және Ташкент облыстарының туризм басқармалары арасында меморандумға қол қойылды. Құжаттың негізгі мақсаты – туризм саласындағы әріптестікті дамыту.

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов қатысты. Ол бұл қадамның екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын атап өтіп, ортақ туристік жобалардың сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, кездесуде Өзбекстанның ең ірі туристік орталықтарының бірі – «Зомин» рекреациялық кешенімен ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылып, тараптар тағы бір меморандумға қол қойды.

Жасалған келісімдер аясында тараптар туристік іс-шараларға қолдау көрсетуге, ортақ туристік маршруттар әзірлеуге және тәжірибе алмасуға уағдаласты.

Back to top button