Жаңалықтар
Халыққа бағытталған көзқарас: аймақтық өркендеудің кілті
Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әлеуметтік саласының дамуы мен жобаларына тоқталды.
Экономикалық өсу мен әлеуметтік қолдау шараларының арқасында халықтың табысы бұрынғы деңгейде сақталып, жұмыссыздықтың өсуіне тосқауыл қойылғанын атап өтті. Жыл басынан бері 57 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 34 мың адам тұрақты жұмыс тапты. Сондай-ақ, бизнес-идеяларын жүзеге асырып, 400 АЕК грант алған 259 адам өз ісін ашты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 480 мыңнан астам отбасы тіркелген цифрлық отбасы картасы жұмыс істей бастады. Бұл жүйе әлеуметтік көмекті қолжетімді етті. Жыл басынан бері 80 мыңға жуық адам жалпы сомасы бес миллиард теңгеден астам қолдау алды.