Эрзурум 2025 жылғы қысқы спорт маусымына қызу дайындық үстінде
Түркияның шығысындағы Эрзурум Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Туризм астанасы және Еуропаның алғашқы Қысқы спорт астанасы ретінде жарияланды , деп хабарлайды TuraNews.kz.
Шығыста орналасқан бұл өлке Паландөкен тау-шаңғы шипажайымен танымал және биыл Қысқы ойындар мен Сноубордтан Әлем кубогы сияқты маңызды халықаралық жарыстарды қабылдайды.
Қысқы ойындар: спорт мерекесінің алғашқы қадамы
6-12 қаңтар аралығында өтетін Қысқы ойындар Паландөкеннің халықаралық күнтізбесін бастайды. 11 спорт түрінен 350-ге жуық спортшы бақ сынайды. Олардың арасында ЭКО-ға мүше елдердің өкілдері де бар. Бұл жарыстарды кез келген адам тамашалай алады.
Сноубордтан Әлем кубогы: адреналинге толы күндер
1-3 наурыз аралығында Паландөкенде FIS (Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясы) ұйымдастыратын Сноубордтан Әлем кубогы өтеді. Бұл жарыс Түркияда алғаш рет 2018 жылы өткен болатын. Қайта оралған сайыс биыл спортшылардың шеберлігі мен жылдамдығын бағалайтын үш ерекше күнге созылмақ. Жарысты көрермендер ұлттық және халықаралық телеарналардан тамашалай алады.
Қызыққа толы өзге шаралар:
Паландөкенде мұзға өрмелеу, қар волейболы және қардағы велосипед жарысы сияқты ерекше спорт түрлерінен сайыстар өтеді. 7-10 ақпанда жасанды мұз қабырғасында өтетін Мұзға өрмелеу чемпионаты ерекше көрініс сыйласа, 13-16 наурызда қар волейболының жарыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қар басқан тау жолдарымен велосипед жарысы көрермендерге ерекше әсер сыйлайды.
Эрзурум: табиғат пен тарихтың тоғысқан мекені
Паландөкендегі шаңғы тебуден бөлек Эрзурумның табиғаты мен тарихын зерттеуге мүмкіндік бар. Тарихи Улу мешіті, Чифте Минарели медресесі, Тортум сарқырамасы сияқты көрікті орындар саяхатшыларды таңғалдырары сөзсіз.
Тортум сарқырамасы
Ал джаг-кебаб пен кадайф долмасы сияқты жергілікті дәмдер сіздің сапарыңызды ұмытылмас етеді.