Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар – Алматы облысының дамуы мен өркендеуіне ықпал етеді

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама аймақтардың өндірістік және экономикалық әлеуетін арттыруды көздейді. Жоспар жастар арасында, қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген көзқарасты өзгертіп,  кәсіби дағдыларды дамытуға көңіл бөлу. Алматы облысы өз ерекшелігімен және өндірістік әлеуетімен еліміздің дамуына үлкен үлес қосатын аймақтардың бірі.

Алматы облысында ауыл шаруашылығы, жеңіл және ауыр өнеркәсіп пен туризм дамыға. Өңірдің географиялық орналасуы логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Облыс тұрғындарының көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сол себепті еңбек ресурстарының басым бөлігі аграрлық сала мен өндірістік кәсіпорындарға жұмылдырылған. Осыған орай, жұмысшы мамандықтарына ерекше назар аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай ықпал етеді.

Облыста жұмысшы кәсіптерін дәріптеу шеңберінде ауқымды іс-шаралар белсенді түрде өткізіледі.

Мамандық жәрменкелері. Мектеп оқушылары мен студенттерге арналған шебер сыныптар, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылатын болады. Бұл шаралар жастардың мамандық таңдауға деген ықыласын арттырып, нақты өндіріс орындарының жұмысымен танысуға мүмкіндік береді.

«Еңбек шебері» байқауы. Жас кәсіпкерлер мен шеберлерге арналған турнирлер мен салалық сайыстар ұйымдастырылады. Бұл шаралар жастарға өздерінің қабілеттерін көрсетуге, кәсіби дағдыларын дамытуға және жергілікті өндіріс саласына деген мақтаныш сезімін арттыруға бағытталған.

Карьера күндері. Оқу орындарында түлектерге кәсіби кеңес беру, жұмыс берушілермен кездесу және тәжірибелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастыру. Карьера күндері жастардың болашақ жұмыс бағытын анықтап, мамандық бойынша жұмысқа орналасуына ықпал етеді.

Біліктілікті арттыру бағдарламалары. Оқу орталықтары арқылы және жұмыс берушілердің жұмыс орнындарында мансап орталықтары арқылы оқыту ұйымдастырылады. Жұмыс іздеп жүрген, алайда біліктілігін жоғалтқан немесе жаңа дағдыға ие болғысы келетін адамдар аудандық Мансап орталықтарына жүгініп, қысқа мерзімді оқуға өтініш бере алады. Сондай-ақ, «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасы порталында онлайн-оқыту бағдарламалары жұмыс істейді.

Осылайша, жұмысшы мамандықтарды танымал ету экономикалық тұрақтылыққа ықпал етіп қана қоймай, жастардың сенімді кәсіби дамуына жағдай жасай отырып, жаңа мүмкіндіктергежол ашады. Алматы облысы осы бастама шеңберінде еңбек нарығында маңызды реформаларды іске асыруға дайын.

Back to top button