Жаңалықтар

Жезқазғандық “Самира” би ансамблі Ташкенттен жеңіспен оралды

 

Ташкент қаласында өткен “Нұрлы фест” халықаралық би байқауында жезқазғандық “Самира” би ансамблі зор жетістікке қол жеткізді. Ансамбль байқауда “Super гран при” мен Гран при жүлделерін жеңіп алып, Ыстықкөлге жолдама иеленді.

Ансамбль жетекшісі әрі хореографы — Тоғызбай Әйгерім Едігеқызы. Байқау барысында “Самира” ұжымы шығармашылық шеберліктерімен әділ қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Анықтама: “Самира” би ансамблі 2023 жылы құрылған. Құрамында 100-ден астам биші бар. Ұжым репертуарында қазақ халқының және түрлі ұлттардың билері қамтылған. Қысқа уақыт ішінде ансамбль бірнеше халықаралық және республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, би өнерінің шыңына жетіп келеді.

Back to top button