Жаңалықтар

Қаржылық алаяқтыққа жол жоқ: студенттермен заң және тәртіп тақырыбында кездесу өтті

 

«Заң мен тәртіп» нейротив аясында және ҚР ҚМА төрағасы Ж.Элимановтың бастамасымен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдегі жоғары оқу орындарының студенттерімен жиын өткізді. Шараға 700 жас қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында заңсыз қаржылық әрекеттерге, соның ішінде «дроппер» ретінде қолданылуға жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және студенттерді белсенді азаматтық ұстанымға шақыру болды.
«Дроппер» дегеніміз – өз дербес деректерін немесе банк шоттарын үшінші тұлғаларға беріп, алаяқтық схемаларға бейсаналы түрде қатысатын тұлға. Кездесу барысында департамент басшысы Аслан Кеңесұлы арнайы дәріс оқып, жастарға қауіпсіздіктің алдын алу, мұндай әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, студенттер арасында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өткізілетін республикалық олимпиадаға қатысуға шақырды. Олимпиаданың мақсаты – жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күресте белсенділік таныту.
Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және жастар тарапынан қызығушылық тудырды.

Қызылорда облысы бойынша
экономикалық тергеп-тексеру
департаменті

Back to top button