Өскемен қаласында «Қаржылық қауіпсіздік бойынша QUIZ» интеллектуалды ойыны өтті

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Қаржылық қауіпсіздік бойынша QUIZ» атты ауқымды интеллектуалды ойын өтті. Бұл аймақтағы жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірген білім беру сайысы.
Интеллектуалды жарысқа С. Аманжолов атындағы ШҚУ (MUGALIM BOYS, Parasyz profi, Қаржы сарапшылары, Пирамида) Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ (Шығыс Эшелоны, Қаржы қалқаны), ҚАЕУ (ФинIQ), сондай-ақ облыстық жастар ресурстық орталығының (Jastar.kz) командалары қатысты. Жастар жеке қаржы және капиталды қорғау саласындағы ең үздік білгірлер атану үшін бақ сынасты.
Шараны ұйымдастырушылар — ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және С. Аманжолов атындағы ШҚУ.
– «Қаржылық қауіпсіздік бойынша QUIZ» жеке қаржылар, инвестициялар, қаржылық тәуекелдерден қорғау, сақтандыру негіздері және банк қызметтері сияқты тақырыптар бойынша 100-ден астам сұрақтан тұрады. Бұл ойын жастарға жеке қаржыларын басқару дағдыларын қызықты ойын түрінде дамытуға көмектеседі, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.
Шара соңында жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Интеллектуалды QUIZ-дің көшбасшылары дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.
1 орын — Parasyz profi (ШҚУ) — 200 000 теңге.
2 орын — Қаржы сарапшылары (ШҚУ) — 150 000 теңге.
3 орын — Mugalim boys (ШҚУ) — 100 000 теңге.
Сондай-ақ, иллюстрация көрмесіне қатысушылар арасында орындар тағайындалды:
1 орын — Елеукенова Шұғыла, Ағланова Жұлдыз, 1 курс, Сот және прокурорлық қызмет, С. Аманжолова атындағы ШҚУ— 200 000 теңге.
2 орын — Қалиева Айым, экономика, 1 курс, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ — 150 000 теңге.
3 орын — Мухаметкаримова Меруерт, Профильді оқыту, көркем еңбек және графика, 1 курс, С. Аманжолова атындағы ШҚУ— 100 000 теңге.
Айта кету керек, 11 қатысушы түрлі номинациялар бойынша 50 000 теңге алды.