Инвестициялық серпін: Сәтбаевта өндіріс дамиды

Кеше Түркістан қаласында Сәтбаев қаласының әкімдігі мен ТНА зауыты ЖШС арасындағы маңызды келіссөздер өтті. Кездесу барысында компанияның Сәтбаев қаласында электр жабдықтарын құрастыратын заманауи цех ашу жобасы талқыланды.
Аталған жоба қала үшін стратегиялық мәнге ие. Жаңа өндіріс орны іске қосылған жағдайда ондаған жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті халықты тұрақты табыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, бұл бастама өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, электр жабдықтары өндірісі саласындағы отандық үлесті ұлғайтуға септігін тигізеді.
Келіссөздер барысында тараптар жобаны жүзеге асыру мерзімдері мен техникалық-экономикалық негіздемелерді нақтылау бойынша уағдаласты. Жоба аясында заманауи технологиялар қолданылып, халықаралық стандарттарға сай өнім шығарылмақ.
Бұл – Сәтбаев қаласының инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын және жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашылып жатқанын көрсететін оң қадам.