Жаңалықтар

⚡️Абай облысының 233 ауыл мектебіне 13 мыңнан астам кітап таратылды

Абай облысында «ASSYLTAS» қоғамдық қорының бастамасымен «Артық білім кітапта» жобасы жүзеге асты. Жоба аясында облыстағы 233 ауыл мектебіне жалпы саны 13 980 дана кітап жеткізілді. Әр мектепке арнайы әзірленген қорап ішінде 60 түрлі кітаптан құралған жинақ берілді.

 

✅Бұл жинаққа қазақ және әлем әдебиетіндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалар енген.

 

✔️ Жобаның мақсаты – ауыл мектептерінің кітапханаларын мазмұнды кітаптармен толықтырып, балалардың кітап оқуға деген ықыласын арттыру, Абай өңірінде оқу мәдениетін дамыту. Бұл бастама балалардың ойлау қабілетін арттыруға және тілдік қорын байытуға ықпал етеді.

 

Кітаптар Аягөз қаласынан өңір мектептеріне жөнелтілді. Аудандық, қалалық білім бөлімі басшылары, ауыл мектептерінің кітапханашылары ерекше қуанышпен қабылдады. Кітаптар тек таратылып қоймай, олардың оқылуы да назарда болады. Жыл соңында осы жинақтар бойынша оқушылар арасында байқау ұйымдастырылып, үздіктерге бағалы сыйлықтар табысталады деген жоспар бар. Бұл бастама балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқу жылының соңына қарай ерекше серпін берері анық.

Back to top button