Жас құтқарушылар төтенше жағдайларда әрекет ету қабілетін көрсетті

ШҚО ТЖД қызметкерлері «Жас құтқарушы» орталығымен, «№29 қосымша білім беру мектебі» КММ бірлесіп, акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша жарыстар ұйымдастырды.
Оқушылар өте қиын кезеңдерден өтуі керек еді. Алдымен жәбірленушіні өткел арқылы тасымалдау, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, су айдынында қайықпен дұрыс маневр жасау, құтқару құралдарының көмегімен суға батып бара жатқан адамға көмектесу, жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету.
«Ұлдар мен қыздар тырысып, төтенше жағдайда барлық мінез-құлық дағдыларын қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Қауіпсіздік сабақтарында жас құтқарушылар өздеріне әрекет етуге және төтенше жағдайда абдырап қалмауға көмектесетін білім қоржындарын жинайды», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
ШҚО ТЖД-да атап өткендей, жазғы кезең жақындаған кезде мұндай іс-шаралар өте өзекті, өйткені олар балаларды суда жүріс-тұрыс ережелеріне және көмек көрсету қабілетіне дайындайды.
«Мен жарыстарға қуана қатыстым. Мен көп нәрсені үйрендім және қажет болған жағдайда адамға көмектесе аламын деп ойлаймын. Командада жұмыс істеу барлық кезеңдерді жақсы өтуге мүмкіндік берді, әсіресе акватория есімде қалды», – деп бөлісті №10 мектептің оқушысы Арсен Мейрамбек.
№ 29 мектептің командасынан Александра Косаченко оның командасына жарысқа қатысу ұнағанын айтты: «Бұл оңай болған жоқ, бірақ барлық балалар күш салды және біз оны жеңдік. Біз жақсы ұпай жинадық, яғни өмірде төтенше жағдайларды ескере аламыз».
Оқушылар құтқарушы мамандығының негіздерін арнайы сыныптан тыс сабақтарда, оның ішінде ШҚО ТЖД бөлімшелеріне баруғанда үйрене алады. Практикалық сабақтардың арқасында жас құтқарушылар құтқару тораптарын тоқуды, алғашқы медициналық көмек көрсетуді, су айдынында өзін дұрыс ұстауды, кедергілерді еңсеруді және командада жұмыс істеуді біледі.
Жарыстың жеңімпаздары: №35 мектеп балалары гран-при жеңімпаздары атанды, №4 және №29 мектеп командаларында бірінші орын, №10 және №22 мектеп оқушыларында 2 орын, №19 және №39 мектептердің жас құтқарушылары үшінші орынды алды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі