Жаңалықтар

Ұлытау облысында 2025 жылдың соңына дейін төрт спорт кешені салынады

Ағымдағы жылы бірқатар нысандардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, тағы бірнеше спорт кешендерінің құрылысы өңірдің бірнеше қаласы мен ауылдарында басталады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

 

Биыл аяқталады деп жоспарланып отырған нысандар:

– Жезқазған қаласында «СК Намыс» жасөспірімдер спорт академиясы және ескек есу спорт түрлеріне арналған спорт кешені;

– Жаңаарқа ауданында Атасу кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

– Жезді ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

 

Құрылысы басталатын нысандар:

– Ұлытау ауылында 25 метрлік жабық жүзу бассейні;

– Талап ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

– Кеңгір ауылында 120 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

– Қаражал қаласында жабық хоккей корты.

 

Сондай-ақ, қазір Сәтбаев қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат пен Жезқазған қаласында мұз аренасы мен бассейні бар спорт сарайының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.

Back to top button